Басты бет » Талапкерге

Қабылдау ережесі


«Өркениет» медицина колледжі

 «Өркениет» медицина колледжіне

оқуға қабылдаудың 

ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда қаласы.

 «Өркениет» медицина колледжіне 

оқуға қабылдау 

Е Р Е Ж Е С І 

 

І. Жалпы бөлім

 

«Өркениет» медицина колледжіне оқуға қабылдау және емтихан алу комиссиясы өзінің жұмыстарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы»  2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына ҚР Білім және ғылым министрінің 26.03.2021 енгізілген өзгерістерге  сәйкес жүргізіледі. 

1.1.   Талапкерлерден құжат қабылдауды, емтихан қабылдауды, оқушылар қатарына тіркеу конкурсын колледждің қабылдау комиссиясы жүргізеді.

1.2.   Қабылдау комиссиясы өз жұмысында ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілген тәртіпті, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің орта оқу орнына қабылдау ережесін басшылыққа ала отырып, «Өркениет» медицина колледжіне ҚР азаматтары, шетел азаматтары және ҚР-да тұрақты тұратын азаматтық алмаған азаматтар, негізгі орта, орта немесе алғашқы кәсіби білім бар ҚР-сы азаматы болып саналмайтын қазақ ұлтты тұлғалар арасындағы келісім-шарт негізінде оқу төлемақысын төлеу арқылы жүргізіледі.

 

ІІ. Оқуға қабылдауды ұйымдастыру

 

2.1.«Өркениет» медицина колледжінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын 20.06.2021  жылдан бастайды.

2.2.«Өркениет» медицина колледжіне түсу үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін: күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы.

2.3. Өтініш беру мерзімін, тәртібін, қабылдау комиссиясы белгілейді. Оқуға қабылдау ережелері туралы, қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру туралы, қабылдау комиссиясының шешімдері туралы мәліметтер талапкерлерге өз мезгілінде жеткізіледі.

2.4.«Өркениет» медицина колледжіне оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы; 3х4 мөлшерлі 4 суретін қоса тіркейді. Жалпы білім беру оқу орындарын ағымдағы жылы аяқтағандар мемлекеттік ҰБТ нәтижесінің сертификаты, комплексті тестілеу сертификатын, жеке басының куәлігін, туу туралы куәлігі немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын, еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді.

2.5.Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалардың нәтижелері бойынша бағалардың жиынтық балын көрсете отырып, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау талапкерлердің тізімдік құрамын білім беру ұйымының сайтында қалыптастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді. Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

2.6.  Негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстар бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);

Жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары бойынша (педагогикалық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша) қалыптасады.

2.7.  Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.

2.8.  Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар психометриялық тестілеудің қорытындысы бойынша конкурсқа жіберіледі, оны өткізу нысанын білім беру ұйымдары айқындайды.

2.9.  Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар арасында конкурсты өткізу үшін білім туралы құжатқа немесе арнайы конкурстардың нәтижелері бойынша бағаларына сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының негізінде орташа балл шығарылады.

2.10.   Оқу орнына түсушілердің құқығын қорғауға және карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда конкурс нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш береді.

2.11.   Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

 

ІІІ. Талапкерлерден құжат қабылдау тәртібі

 

3.1.  Талапкерлерден құжат өтініші бойынша қабылданады және тіркеу журналына тіркеледі. Қабылданған құжаттар туралы қолхат беріледі.

3.2.  Талапкердің өтініші 3 тәсілмен беріледі:

  1. "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы
  2. Сollege SmartNation порталы арқылы
  3. Қағаз нұсқасында

ІV. Оқушылар қатарына қабылдау

 

4.1.  Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;

4.2.  Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

2) жалпы орта білімі бар адамдар үшін үш пәннен 24 балдан кем, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

4.3.  Оқуға түсушілердің жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың санаты ескеріледі, сондай-ақ шығармашылық және арнайы конкурстардың нәтижелері ескеріледі.Қабылдау комиссиясының отырысы хаттама арқылы бекітіліп, қабылдау комиссиясының төрағасы және жауапты хатшы қол қояды.

Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша - күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

ОҚУ БӨЛІМДЕРІ

PreviousNext

Мейіргер ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Абиева Ұлбосын Бексейітқызы

Дәрігер – терапевт.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, жалпы практика дәрігері, 2013 жыл.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, дәрігер – терапевт мамандығы бойынша интернатура тәмамдаған, 2015жыл

Кешкі оқу бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Жабасахова Ұлжан Серікқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, ІІ санатты Мейіргер ісі пәнінің оқытушысы

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Мейірбике ісі бакалавры, 2012 жыл.

-          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының магистрі, 2017 жыл.

 

E-mail: Ulzhan.serikovna@mail.ru

 

Емдеу ісі бөлімі

толығырақ...
Ақпарат
close

Шымбергенов Жасұлан Тасболатұлы

Дәрігер гигенист-эпидемиолог, І санатты педагог.

Білімі – жоғары.

-          М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медициналық университеті, Дәрігер гигенист-эпидемиолог, 2006 жыл.

E-mail:zhasulan_orkeniet@mail.ru

Фотогалерея
Барлық суреттер